Jetisy FK

«Қайсар» - «Жетісу»: Сейдахметтің дебюті талдықорғандықтарды жеңілістен құтқармады

«Қайсар» - «Жетісу»: Сейдахметтің дебюті талдықорғандықтарды жеңілістен құтқармады
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан чемпионатының 5-ші турында «Жетісу» «дала қасқырларына» минималды есеппен жеңіліп қалды.

Бірінші таймда «Жетісу» ойыншылары допты жақсы басқарды, ал алаңның номиналды қожайындары алыс қашықтықтағы соққылардан бақыт іздеді, бірақ үзіліске дейін қауіпті сәттердің бірі голға айналмады.

Кездесудің екінші жартысында бастама толығымен жетісулықтардың қолына өтті, бірақ голды олар емес, қарсыластар соқты. Максим Фединнің сәтсіз пасынан кейін доп «Қайсардың» грузиялық шабуылшысы Элгудже Лобжанидзеге келді, ол қайшылай теуіп өз командасын алға жетеледі.

78-минутта Дмитрий Огай Еркебұлан Сейдахметті алаңға шығарды, ол өзінің «Жетісу» сапындағы дебютін жасады. Еркош ойынға өте белсенді кірді, бірнеше рет өзінің тиімді дриблингін көрсетті, бірақ бұл талдықорғандық клубқа қатарынан екінші жеңілістен құтылуға көмектеспеді.

«Жетісу» жағдайды түзеуге 27 тамызда, Қазақстан чемпионатының 6-турында, «Қызыл Жарға» қарсы ойында тырысады

«Жетісудің» «Қайсарға» қарсы құрамы

«Қайсар» - «Жетісу»: қарсыластық тарихы

Жетісудың ең көп кубок жеңген футболшысы кім?

Еркебұлан Сейдаxмет - «Жетісу» ойыншысы!

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер