Jetisy FK

«Қайсар» - «Жетісу»: қарсыластық тарихы

«Қайсар» - «Жетісу»: қарсыластық тарихы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 5-турында «Қайсар» - «Жетісу» матчы өтеді.

Осы қарсыластар кездесуі қарсаңында біз Қызылорда мен Талдықорған командалары арасындағы қарым-қатынас тарихын еске түсіруді жөн көрдік.

Командалар өзара 40 ойын ойнады: оның 17-інде «Жетісу» жеңісті тойлады, 16 жағдайда сәттілік «дала қасқырларының» жағында болды. «Жетісу» мен «Қайсар» сирек тең ойнайды - бар-жоғы 7 рет.

Голдар саны бойынша Талдықорғандықтар да сәл алда - 42:39.

Өткен маусымда Дмитрий Огай командасы бірде бір гол жібермей Стойчо Младенов командасына қарсы 3 ойында 9 ұпай алды. Сонымен қатар, үш кездесудің екеуі Қызылорда қаласында өтті. Бұл жолы олар бейтарап алаңда ойнауға мәжбүр.

Естеріңізге сала кетейік, футболдан Қазақстан чемпионатының 5-ші турының «Қайсар» - «Жетісу» матчы Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 18: 00-де басталады.

«Жетісу» - «Ордабасы» - 2:3

Дмитрий Огай «Ордабасыға» қарсы батыл құрам таңдады

Жетісудың ең көп кубок жеңген футболшысы кім?

«Жетісу» - «Ордабасы»: статистика не дейді?

Еркебұлан Сейдаxмет - «Жетісу» ойыншысы!

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер