Тараздағы спорт кешеніне Үшкемпіровтің есімі беріледі

Тараздағы спорт кешеніне Үшкемпіровтің есімі беріледі

Тараздағы спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру мәселесі қарастырылып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі хабарлады. 

«Тараз-Арена» спорт кешеніне белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылған. Жамбыл облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы облыстық мәслихаттың кезектен тыс отырысында мақұлданды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің отандық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спорттың жоғары деңгейге көтерілуіне қосқан үлесін атап өтіп, халық қалаулыларына бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтқан.

«Тараз-Арена» спорт кешенін қайта атау жөніндегі ұсыныс Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или