ММА

Жұмағұловты жеңген спортшы UFC-мен жаңа келісімшарт жасасты

Жұмағұловты жеңген спортшы UFC-мен жаңа келісімшарт жасасты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловты жеңген бразилиялық спортшысы Раулиан Пайва UFC-мен келісімшар мерзімін ұзартты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы файтер инстаграм желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

«Сіздермен мансабымдағы маңызды жаңалықпен бөліскелі отырмын. UFC-мен келісімшартты ұзарттым. Мен қазір 24 жастамын, әлі жаспын, бірақ белгілі жетістікке жеттім. Құдайға, отбасыма, командама өте ризамын. Бірлессек - біз мықтымыз. Бірге биікті бағындырамыз», - деп жазды Пайва.

Еске сала кетейік, Жұмағұлов Абу-Дабидегі «Сарбаздар аралында» өткен UFC 251 турнирінде өнер көрсеткен болатын. Отандасымыз UFC-дегі дебюттік кездесуінде 24 жастағы бразилиялық спортшы Раулиан Пайваға төрешілердің шешімімен есе жіберді.

Бірақ көпшілік бұл жекпе-жектің нәтижесіне күмәнмен қарады. Әсіресе қазақстандық жанкүйерлер бұл шешіммен мүлде келіспеді. Пайваның жекпе-жек барысындағы лас әрекетін сынға алған. Тіпті төрешілер Жалғастың жеңісін «ұрлап алды» деп бағалағандар да аз емес.

Раулиан америкалық промоушнмен 2018 жылы келісімшарт жасасқан. Пайва UFC-дегі алғашқы үш жекпе-жегінде екі рет жеңіліп, бір рет қана жеңген. Егер Жұмағұловқа жол берсе, UFC-мен қоштасуы да мүмкін еді.

Төрешілердің түсініксіз шешімі: Жұмағұлов жеңіліп қалды

Жалғас Жұмағұлов күзде жекпе-жек өткізу жайлы мәлімдеме жасады

Рахмонов UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін қашан өткізеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер