Рахмонов UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін қашан өткізеді

Рахмонов UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін қашан өткізеді

Қазақстандық менеджер Саят Абдрахманов Шавкат Рахмоновтың (12-0) октагонға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еліміздің ең үздік файтерлерінің бірі, жеңіл салмақта (77 келі) бұрынғы М-1 Global чемпионы Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі 21 наурызда Лондонда өтетін Fight Night 171 турнирінде өтуі керек еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты отандасымыз кездесу өткізе алған жоқ.

Осыдан кейін 25 жастағы жерлесіміз UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін UFConESPN 14 турнирінде өткізеді деп жоспарланған. Бұл турнир 26 шілдеде Абу-Дабидегі (БАӘ) Яс аралындағы «Сарбаздар аралында» өтеді. Отандасымыз осы кеште ресейлік Рамазан Эмеевпен жұдырықтасуы керек еді.

Өкіншке орай Рахмонов турнирге 3 апта қалғанда жарақат алып қалды. Сөйтіп оның америкалық промоушен туы астындағы алғашқы жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілген

Prosports.kz тілшісіне сұхбат берген Абдрахмановтың айтуынша, Рахмонов октагонға қазан айында шығуы мүмкін.

- Өкінішке орай, жарақат - спорттың ажырамас бір бөлігі. UFC-дегі алғашқы жекпе-жекке жарақатпен шығу дұрыс емес. Сол үшін оның дебюттік кездесуін тағы да күтуге тура келеді. Шавкаттың оң қолындағы ескі жарақаты қайта сыр берді. Ол Абу-Дабиде өтетін келесі турнирде өнер көрсетеді деп үміттенеміз. Мүмкін қазан айында болатын шығар, - деді менеджер. 

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов - американлық атақты промоушенмен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық файтер. Ол бұған дейін 11 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Шавкат Рахмонов Абу-Дабидегі UFC турнирінде өнер көрсетпейді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или