ММА

Ресми. Шавкат Рахмонов 26 шілдеде UFC-де дебют өткізеді

Ресми. Шавкат Рахмонов 26 шілдеде UFC-де дебют  өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер, жеңіл салмақтағы М-1 Global ұйымының бұрынғы чемпионы (77 келі) Шавкат Рахмоновтың (12-0) келесі жекпе-жегін өткізетін күнін анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен, 25 жастағы ММА шебері Рахмонов UFC-дегі дебютін 26 шілдеде өтетін UFC Fight Night 174 турнирінде өткізеді. Алдағы турнир Абу-Дабидегі Яс аралындағы «Сарбаздар аралында» өтеді.

Шавкаттың америкалық промоушндағы қарсыласы 33 жастағы ресейлік Рамазан Эмеев (18-4) болмақ. Емеев UFC-де дебютін 2017 жылдың қазан айында UFC FN 118 турнирінде өткізген.Соңғы үш жыл ішінде файтер америкалық ұйымның 3-1 рекордын жеңіп алды. Ресей спортшысы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қарашасында өткізген.

Шавкат Рахмонов туралы айтатын болсақ, «Номад» соңғы кездесуін былтыр, маусымда айында өткізіп, M-1 Global титулын сәтті қорғады.

Бастапқыда Рахмонов осы жылдың наурыз айында Лондонда өтетін турнирде дебют өткізеді деп күтілген. Бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты Шавкаттың дебюті белгісіз мерзімге кейінге қалды.

Еске сала кетелік, 14 маусымда Мария Агапова UFC құрамасында төбелескен алғашқы қазақстандық болды. Сонымен қатар, 12 шілдеде UFC 251 турнирінде Жалғас Жұмағұлов та алғашқы дебютін өткізуі керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер