ММА

Шавкат Рахмонов Абу-Дабидегі UFC турнирінде өнер көрсетпейді

Шавкат Рахмонов Абу-Дабидегі UFC турнирінде өнер көрсетпейді
news-banner7
mobile-news-top

Еліміздің ең үздік файтерлерінің бірі, жеңіл салмақта (77 келі) бұрынғы М-1 Global чемпионы Шавкат Рахмонов (12-0) UFC Fight Night 174 турниріне қатыспайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған себеп Рахмонов жарақат алып қалған. Ақпаратты қазақстандық файтердің менеджері Саят Абдрахманов растады.

«Иә, мен Шавкаттың жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тарту мәжбүр болғанын растаймын», - деді Саят Абдрахманов Zakon.kz тілшісі Альберт Ахметовке берген сұхбатында.

UFC Fight Night 174 турнирі 26 шілдеде Абу-Дабидегі (БАӘ) Яс аралындағы «Сарбаздар аралында» өтеді. Осы кеште 25 жастағы жерлесіміз UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізу керек еді. Оның қарсыласы ресейлік Рамазан Эмеев болады деп жоспарланған.

Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі 21 наурызда Лондонда өтетін Fight Night 171 турнирінде өтуі керек еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты отандасымыз кездесу өткізе алған жоқ.

Қазіргі уақытта қазақстандық спортшының жарақаты қаншалықты ауыр екені және оның октагонға қашан оралатыны белгісіз.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов - американлық атақты промоушенмен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық файтер. Ол бұған дейін 11 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Естеріңізге сала кетейік, «Сарбаздар аралындағы» алғашқы турнир 11 шілдеде Абу-Дабидегі (БАӘ) Яс аралында өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усман мен Гилберто Бернс жұдырықтасады.

Бұл кеште қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізеді. Жерлесіміздің атақты промоушен туы астындағы алғашқы қарсыласы - бразилиялық Раулиан Пайва.

«Сарбаздар аралындағы» алғашқы турнир

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер