ММА

Төрешілердің түсініксіз шешімі: Жұмағұлов жеңіліп қалды

Төрешілердің түсініксіз шешімі: Жұмағұлов жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Абу-Дабидегі Яс аралында UFC 251 турнирі өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Аталған кеш аясында қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов көпткен күткен UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізді. Отандасымыздың қарсыласы 24 жастағы бразилиялық спортшы Раулиан Пайва болды.

«Сарбаздар аралында» өткен жекпе-жек толық үш раундқа жалғасып, бразилиялық спортшы жеңіске жетті. Кездесу соңындағы барлық статистика бойынша Жұмағұлов алда тұрған еді. Бірақ төрешілер ешкім күтпеген шешім шығарып, бразилиялықтың қолын көтерді.

Жекпе-жек жайлы айтар болсақ, бірінші раундта бразилиялық спортшы белсенді болғандай көрінді. Ол қол-аяғының ұзындығына сүйеніп, алыстан соққы жасауға тырысты. Сол арқылы Жалғастың қашықтықты жақындатуына жол бермеді.

Ал екінші бес минутта Жалғас барынша белсенділік танытты. Бірақ Пайва қысқа қашықтықта жұдырықтасудан қашқалақтап жүрді. Бұл раундтың соңғы секундтарында Жұмағұлов өте қарқынды өнер көрсетті. Тіпті бразилиялықты гонг құтқарып қалды деуге негіз бар. Егер бірінші раундты Пайваның пайдасына беруге болатын болса, онда екінші раундта Жұмағұлов толықтай басымдылық танытты.

Соңғы раундта Пайва мүлде шаршап қалды, аз соққы жасап, көп қашқалақтап жүрді. Мұнысы аздай кездесудің аяқталуына бір минут қалғанда ережеге де, этикаға да сай емес әдіспен соққы жасады. Соған қарамастан төрешілер Пайваны жазалаған жоқ. Бразилиялықтың лас әрекеті Жұмағұловтың раунд соңына қарай еркін жұдырықтасуына кедергі келтірді.

Жекпе-жек Жұмағұловтың пайдасына шешілгендей көрінген. Тура соққылар бойынша да, қуатты соққылар бойынша да Жалғас қарсыласынан басым болатын. Бірақ төрешілер басқаша шешім шығарып, жеңісті Пайваға берді. Бір ауыз сөзбен төрешілер Жалғастың жеңісін «ұрлап алды» деп бағалауға болатын секілді.

Айта кетейік, бұл кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усман мен Хорхе Масвидаль жұдырықтасады. Бұдан бөлек негізгі жекпе-жектер қатарында Александр Волкановски - Макс Холлоуэй және Пётр Ян - Жозе Альдо кездесулері бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер