Вагнер Лав «Қайратта» қай нөмірде ойнайды?

Вагнер Лав «Қайратта» қай нөмірде ойнайды?

«Қайраттың» бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев «Үшінші тайм» клубтық бағдарламасының эфиріне берген сұқбатында бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав командада қай нөмірде ойнайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Осы мүмкіндікті пайдаланып, біз онымен келісіп, 9 нөмір беру туралы шешім қабылдадық деп айтқым келеді. Бұл сан ол үшін сәтті болады деп сенеміз», - деді Қайрат Боранбаев.

Бұған дейін «Қайрат» экс-капитаны және Қазақстан ұлттық құрамасының қазіргі капитаны Бауыржан Исламхан 2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін 9 санымен командада өнер көрсеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или