ММА

Абдулманап Нурмагомедов көзін ашты

Абдулманап Нурмагомедов көзін ашты
news-banner7
mobile-news-top

Абдулманап Нурмагомедовтың жағдайы қиын, дей тұрғанмен Хабиб Нурмагомедовтың менеджері Али Абделазиз ESPN арнасына берген сұхбатында аздап оң үрдістің бар екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Fight Time сайтына сілтеме жасап.

«Хабиб өте мықты, оның отбасы және әкесі де өте мықты», - деді Абделазиз. «Ол жақсы болып қалды. Көзін ашып, біраз сөйлесті - бұл жақсылықтың нышаны. Бәрі Алланың қолында. Оның сауығатынына сенеміз. Оң үрдіс бар және сол үшін біз бақыттымыз».

Менеджердің айтуынша, Абдулманап Нурмагомедов ұлымен біраз сөйлесіп, оған күлімсіреген де!

«Менің ойымша, науқас әке Хабибке одан да көп мотивация болып тұр. Күніне екі рет жаттығады. Ол қазірдің өзінде оқу-жаттығу жиынында жүр. Мен Хабибке талмай жаттығудың қажет екенін айттым. Алда сұрапыл жекпе-жек күтіп тұр», дейді менеджер.

Еске сала кетелік, 25 сәуірде Абдулманап Нурмагомедов пневмония белгілерімен ауруханаға жатқызылды, ал он күннен кейін маман Махачкаладан Мәскеуге арнайы рейспен жеткізіліп, әскери госпитальдардың біріне орналастырылды, коронавирус инфекциясының асқынуына байланысты оның жүрегіне операция жасалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер