Бокс

Жәнібек Әлімқанұлы: Мықтыларды жеңе алатынымды бәрі біледі

Жәнібек Әлімқанұлы: Мықтыларды жеңе алатынымды бәрі біледі
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы барлық атақты боксшыларды жеңе алатынына күмәнданбайтынын жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Твиттердегі парақшасында спортшы Сауль Альварес, Деметриус Андраде және Даниэль Джейкобстың суреттерімен өзінің суретін қойып, былай деп жазба қалдырды: «Мен оларды жеңе алатынымды бәрі біледі. Маған дәлелдеудің қажеті жоқ. Мен тек іс жүзінде көрсеткім келеді. Қазақ стилі - бұл ең үздік стиль».

Еске салайық, коронавирус пандемиясына байланысты Әлімханұлының ганалық Исса Самирмен жекпе-жегі кейінге қалды. Қазақстандық спортшы WBC Continental America және WBO Global титулдарын дәл осы шайқаста қорғауы керек еді.

Әлімханұлы коронавирус жайлы: Біз жекпе-жектен айырылдық, ал біреу жақындарынан айырылдық

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер