Бокс

Әлімханұлы коронавирус жайлы: Біз тек жекпе-жектен айырылдық, ал біреулер жақындарынан айырылды

Әлімханұлы коронавирус жайлы: Біз тек жекпе-жектен айырылдық, ал біреулер жақындарынан айырылды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) COVID-19 коронавирустық пандемия кезінде жарыстардың жойылуы мен кейінге қалуын, жақындарын жоғалтқан жандардың қайғысымен салыстыруға келмейтінінжазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біздің жара жеңіл ғой, жекпе-жектен ғана айырылдық. Ал біреулер отбасынан айрылды. Бұл оңай емес. Бәрі қалыпқа келген кезде біз шаршы алаңға шығармыз. Барлық науқастарға тезірек сауығып кетулерін тілеймін», - деп жазды Жәнібек Twitter-дегі парақшасында.

Еске салсақ, 28 наурызда Квебекте (Канада) Жәнібек Әлімханұлы өзінің WBC Continental Americaas және WBO жаһандық белбеулерін ганалық Исса Самирмен (18-0, 15 КО) жекпе-жекте қорғауы керек еді, бірақ жекпе-жек жаһан мазасын алған індет кесірінен кейінгі қалды.

Жәнібек Әлімханұлы: Чемпион болуды күні-түні ойлаймын

Жәнібек Әлімханұлы: Тарихтан өз орынымды аламын

Әлімханұлы мықты қарсыласқа тап болды

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер