Бокс

Жәнібек Әлімханұлы: Чемпион болуды күні-түні ойлаймын

Жәнібек Әлімханұлы: Чемпион болуды күні-түні ойлаймын
news-banner7
mobile-news-top

Кәсіпқой бокста бірде-бір қарсыласына тізе бүкпеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) тағы да әлем чемпионы атануға ниет білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Қазіргі уақытта Жәнібек орта салмақтағы WBC Continental America және WBO Global аймақтық белбеуінің иегері.

«Менің қалай әлем чемпионы болғым келетінін ешкім елестете де алмайды. Күні-түні бұл туралы ойланып, көп жұмыс істеймін. Қазақ стилінің уақыты», - деп жазды спортшы Twitter-де.

Жәнібек Әлімханұлының оралуы 28 наурызда Квебекте (Канада) болады. Қазақстандық боксшы Гана елінің өкілі Исса Самир (18-0, 15 КО) қарсы жұдырықтасады. Бәске Жәнібекке тиесілі белбеулер тігіледі.

Жәнібек Әлімханұлы: Тарихтан өз орынымды аламын

Әлімханұлы мықты қарсыласқа тап болды

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер