Бокс

Әлімханұлы мықты қарсыласқа тап болды

Әлімханұлы мықты қарсыласқа тап болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Канаданың Квебек қаласындағы Видеотрон орталығында жекпе-жекке дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз 28 наурыз күні американдық Дмитриус Баллардқа қарсы рингке шығуы керек еді, бірақ Golden Boy Promotions клиенті белгісіз себептермен бұл жекпе-жектен бас тартты.

Boxinghana.com сайты қарсыласы жоқ Әлімханұлы ганалық боксшы Исса Самирмен 10 раундтық жекпе-жекте жұдырықтасады деп хабарлайды.

Айта кету керек, Самир кәсіби деңгейде 18 жекпе-жек өткізді, оның 15-і нокаутпен аяқталып, 3 кездесуін төрешілер шешімімен жеңген.

Айта кетелік, бокс кешінің басты жекпе-жегі ресейлік Артур Бетербиев пен қытайлық Фаньлун Мэн арасындағы өтпек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер