Бокс

Головкин - Альварес трилогиясы 2021 жылға шегерілді

Головкин - Альварес трилогиясы 2021 жылға шегерілді
news-banner7
mobile-news-top

ESPN мәліметі бойынша, DAZN стриминг сервисі Сауль Альварестің 2020 жылға жоспарланған жекпе-жектерін коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылға шегереді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Енді «Канело» Билли Джо Сондерспен 2021 жылдың мамырында жұдырықтасады. Кейін қыркүйекте Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізеді.

Алайда бұл нақтыланбаған мерзім. Қазіргі уақытта бірнеше сценарий бар екені, бәрі пандемия жағдайына байланысты жасалады.

Бұған дейін «Канелоның» күзде Сондерспен қолғап түйістіріп, 2020 жылыдң соңына қарай Головкинмен жұдырықтасуды қалайтыны хабарланған.

Қазіргі уақытта Альварестің командасы биыл екі кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Оның командасы қазір ықтимал қарсыластар іздестіріп жатыр.

«Көрерменсіз кездесу». Альварес Сондерспен жекпе-жек өткізуге дайын

2020 жылғы ТОП-5 жекпе-жек: Тізімде GGG - «Канело» трилогиясы да бар

«Канело» жекпе-жегін көрерменсіз өткізуі мүмкін

Бокс сарапшысы: «Канело» Головкинді нокаутқа түсіре алмайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер