Әлем футболы

Мексика чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды

Мексика чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Мексика Лигасы (MX) өзінің ресми сайтында коронавирус пандемиясына байланысты футболдан ел чемпионатының мерзімінен бұрын аяқталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клаусура чемпионы анықталмайтын болды.

Маусым айының бірінші аптасында MX Мексикадағы футбол матчтарының қайта жалғасуының нақты уақытын жариялайды. Лиганың және денсаулық сақтау департаментінің бірлескен шешімі бойынша, жаңа маусымның матчтары жабық есіктің жағдайында өтеді.

15 наурызда Мексика Лигасы (MX) өзінің ресми сайтында коронавирус індетіне байланысты елдегі барлық футбол чемпионаттарының уақытша тоқтатылатындығы туралы хабарлады.

Мексиканың басты чемпионаты 10-турдан кейін тоқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер