Бокс

DAZN боксшыларының жалақысын қысқартады

DAZN боксшыларының жалақысын қысқартады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн DAZN платформасы коронавирус кесірінен туындаған дағдарысты қалай жеңетінін айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.

– Шығынымызды барынша қысқартамыз. Бұл жайында «Канеломен», Golden Boy-мен және өзге боксшылармен жеке-жеке сөйлесу қажет. Әр боксшының алдына қойған жоспары бар. Біреуі жалақысын төмендетуге келіссе, екіншісі қарсы шығуы мүмкін. Әркімнің таңдау құқығы бар.

Сол себепті бәрін жан-жақты ойлану қажет. Алдымызда «Канело» – Сондерс не «Канело» – Головкин секілді үлкен жекпе-жектер күтіп тұр. Биыл күткен табыстан әлдеқайда аз пайда көретініміз анық, - деді Эдди Хирн.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин DAZN платформасымен алты жекпе-жекке келісімшартқа отырған болатын. Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін қыркүйек айында польшалық Камила Шереметаға қарсы өткізеді деп күтілуде.

Бриггс Майк Тайсонмен жұдырықтасатынын мәлімдеді

Мадияр Әшкеев өз жабасында Головкиннің сөзінен үзінді келтірді

2020 жылғы ТОП-5 жекпе-жек: Тізімде GGG - «Канело» трилогиясы да бар

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер