Қазақстан чемпионаты тамыз айынан бұрын басталмайды

Қазақстан чемпионаты тамыз айынан бұрын басталмайды

ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысында футзалдан Қазақстан чемпионаты мен ҚР Кубогының қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қабылдаған шешімге сай, коронавирусқа байланысты тоқтатылған футзал маусымы жаздың соңғы айында ғана оралады.

Бұған дейін маусымның қалған бөлігі шілдеде немесе тіпті маусым айында қайта жалғасуы мүмкін деп жоспарланған болатын. Алайда қазіргі жағдайда бұл мүмкін болмай тұр. Енді екі турнирдің - ұлттық чемпионат пен Қазақстан кубогының жеңімпазы тамыз айында ғана анықталады.

Ал жаңа маусымның қашан басталатыны жайлы 27 мамырдан кейін ғана белгілі болады. Дәл сол күні УЕФА аясындағы 2020/21 жылғы футзал турнирлерінің өтетін уақыты анықталатын болады.

Айта кетейік, футзалдан 2019/20 жылғы Қазақстан чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айында тоқтатылған болатын. 2020 жылы 10 наурыздағы турнирлік кесте бойынша, алматылық «Қайрат» 16 матчта 44 ұпай жинап, көш бастап тұр. Екінші орында 20 ойыннан 36 ұпай еншілеген «Ақтөбе», ал үшінші сатыға рудныйлық «Аят» (35 ұпай) жайғасқан.

«Қайрат» қатарына әлем чемпионы қосылады

Қайрат Оразбеков: Бізге қайраты тасыған, ақылы асқан шабуылшы қажет 

Қайрат Оразбеков: Алматы облысында үлкен спорт кешенін салып жатырмыз

Ресми мәлімдеме

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или