Футзал

Ресми мәлімдеме

Ресми мәлімдеме
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК өкінішке қарай Хоссейн Тайебимен келісімшартты ұзарту туралы келісімге келе алмағаны туралы хабарлайды. Осылайша, Иран құрамасының футзалшысы алматылық клубтан осы маусымның соңында кетеді.

Хосейн Тайеби «Қайрат» сапында футзалдан ел біріншілігінің үш мәрте (2016/17, 2017/18, 2018/19) және Қазақстан Кубогының (2016, 2017, 2019) үш дүркін жеңімпазы, сонымен қатар ҚР Суперкубогын екі рет (2017, 2019) және Еременко кубогын екі рет (2017, 2018) иеленген.

Сонымен қатар, ирандық футзалшы Алматылық клубпен УЕФА кубогының 2016/17 қола, ал УЕФА Чемпиондар Лигасының 2018/19 маусымындағы күміс жүлделеріне ие болды.

«Қайрат» футзал клубы Хоссейнге көп жылдық адал да қажырлы еңбегі және клуб пен футзалдың дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреді. 4 жыл ішінде Тайеби біздің команданың маңызды ойыншысына айналды.

Біз шын жүректен Тайебиге сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!

Әрине, мұндай деңгейдегі ойыншының кетуі клуб үшін үлкен сынаққа айналады.

Алайда, жағдайдың күрделілігіне қарамастан, ойыншыға тең келетін басқа футзалшыны іздеуге бар күшін салды және Бразилия футзал құрамасының ойыншысымен келісімге келді.

Жақын арада, барлық заңды рәсімдер аяқталғаннан кейін оның есімін қуанышпен жариялаймыз.

Әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз және клубтың ресми сайтындағы жаңалықтардан құр қалмаңыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер