Қайрат Оразбеков: Алматы облысында үлкен спорт кешенін салып жатырмыз

Қайрат Оразбеков: Алматы облысында үлкен спорт кешенін салып жатырмыз

«Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков Алматы облысының әкімдігімен бірге клубтың жаңа спорт кешені салынып жатқанын айтты, деп жазады Рrosports.kz.

Бұл туралы Қайрат Айтмолдаұлы алматылық клубтың инстаграм парақшасындағы «Кака шақырады» бағдарламасында мәлімдеді. 

«Қазіргі таңда Алматы облысымен бірге спорт түрлеріне арналған үлкен кешен салып жатырмыз. Бұл спорт кешені осы жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Өкінішке орай, біз оны қалада тұрғыза алмадық, өйткені қалада орын жоқ. Бізге құрылыс салуға орын бергені үшін облыс әкімдігі мен әкіміне үлкен рақмет. Менің ойымша, бұл ең үздік спорт кешендерінің бірі болады.

Ол Саин және Жандосов көшелерінің қиылысынан 10 шақырым жерде орналасқан. Жолға 15 минут уақыт жұмсалады. Жанкүйерлер өздерін жайлы сезінетін зал болады деп жоспарлап отырмыз. Жанкүйер үшін ойнаймыз, ал олардың мүддесі біз үшін өте маңызды», - деді Қайрат Айтмолдаұлы.

«Кака шақырады». Қайрат Оразбековпен тікелей эфирдің толық бейнежазбасы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или