Live
Спорттағы коронавирус
Футзал

Қайрат Оразбеков: Бізге қайраты тасыған, ақылы асқан шабуылшы қажет

Қайрат Оразбеков: Бізге қайраты тасыған, ақылы асқан шабуылшы қажет

«Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков Prosports.kz тілшісіне сұхбат беріп, командадан кеткен Тайеби жайлы және алматылық клубтың кімді сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты. 

- Жанкүйерлерді Хоссейн Тайеби «Қайраттан» кетті ме деген сұрақ мазалайды?

- Ирандық легионер Тайеби «Қайратта» өзін жақсы көрсетті. Ол тек сұрмерген шабуылшы ғана емес, сонымен қатар команда көшбасшыларының бірі, жанкүйерлердің сүйікті ойыншысы болды. Хоссейнге клубта өткізген тамаша жылдары үшін, командаға көмектескені үшін алғыс айтамыз. Өкінішке орай, «Қайратпен» бірге УЕФА Чемпиондар лигасын жеңе алмай кетті. Біз оның болашақ мансабына сәттілік тілейміз, барлық армандары орындалады деп үміттенемін. Егер онымен қарсылас ретінде, мысалы, әлем чемпионатында кездесетін болсақ, керемет болар еді деп ойлаймын.

- Ирандық ойыншы мансабын қайда жалғастырады?

- Нақты айта алмаймын. Бірақ оған «Бенфика», «Спортинг» және «Эль-Посо» ұсыныс жасағанын білемін.

- Егер бәрі жақсы болса, ойыншы клубтан неге кетті?

- Оның «Қайратпен» келісімшарты аяқталды. Ал Кака бас бапкер болған үш жылдан бері командаға жаңа құрам іріктеліп жатыр. Осыған байланысты ең атақты деген ойыншылар да командадан кетті. «Қайраттың» үздік шабуылшылары бар, команда шабуылға ден қояды, сөйте тұра біздің басты кемшіліктеріміздің бірі - өте аз гол соғамыз. Бірақ гол соғатын мүмкіндіктеріміз көп болады. Бұл кемшілік Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде де, Төрттік финалда да айқын көрінді. Бізде гол соғатын мүмкіндік көп, бірақ гол аз. 

«Ирандық шабуылшыны жоқтатпайтын ойыншы табылды ма?

- Бізге қайраты тасқындаған, бірақ ақылмен ойынайтын ойыншы керек. Алдыңғы шепте тамаша мүмкіндіктерді көп жасаймыз, сол шабуылдарды сәтті түйіндеп, гол соға алатын адам қажет. Трансферттік нарықты жіті қадағалап отырамыз. «Қайрат» ешқашан мансабын аяқтауға жақындаған жұлдыз ойыншыларды шақыруды мақсат тұтпайды. Біз болашақта жұлдыз болатын талантты ойыншыларды іздейміз. 

- Нақты ойыншының атын атасаңыз, жанкүйерлерге қызықты болар еді?

Біз әдемі ойнауды үйрендік, бірақ соны сәтті түйіндеу сәл ақсап тұр. Сондықтан қазір «Бенфика» ойыншысы Фернандиньомен белсенді келіссөздер жүргізіп жатырмыз. «Қайрат» оған Португалия чемпионатының үздік сұрмергені, гол соғудың қыр-сырын жақсы білетін шабуылшы ретінде қызығып отыр. Ол соңғы екі маусымда көп гол соқты, Португалияда жылдың үздік ойыншысы атағына үміткер болды. Сондай-ақ әлем чемпионы атанды.

- Оның команданы күшейте алатын ойыншы екеніне сенімдісіз бе?

- Фернандиньоны біз өте жақсы білеміз. «Қайрат» - бірнеше ойыншының басы қосылған жай команда ғана емес, үлкен отбасы. Сол үшін бізге келетін ойыншыда жоғары санатты шеберлікпен қатар, командаға тез сіңісіп кететін жақсы қасиеті болуы керек. Фернандиньо «Қайратқа» барлық жағынан - футболшы ретінде де, тұлға ретінде де қолайлы деп санаймын. Ол біздің қатарымызға тез еніп, алға қойған мақсаттарымызды орындауға септігін тигізеді деп сенеміз. Менің ойымша, біз дұрыс бағытта келе жатырмыз. Қазақстандағы ең мықты клубты одан әрі күшейте түсеміз.

Қайрат Оразбеков: Алматы облысында үлкен спорт кешенін салып жатырмыз

Ресми мәлімдеме

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
АФК Кайрат

АФК Кайрат

АФК Кайрат

Пікірлер 0