Футзал

«Қайрат» қатарына әлем чемпионы қосылады

«Қайрат» қатарына әлем чемпионы қосылады
news-banner7
mobile-news-top

Бразилия құрамасында 2012 жылғы әлем чемпионы атанған Фернандиньо 2020/2021 маусымда «Қайраттың» намысын қорғайтын болады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Futsalportugal.com порталына сілтеме жасап.

Португалиялық басылым әйгілі бразилиялықтың қазақстандық клубқа ауысатынын жазды.

Аты-жөні Фернандо Наскименто Косме болатын 36 жастағы ойыншы 2017/2018 маусымынан бастап португалдық «Бенфикада» ойнады. Команда құрамында Фернандиньо 63 кездесу өткізіп, 104 гол соқты.

2009 жылдан 2017 жылға дейін ол Мәскеудің «Динамосында» өнер көрсетті. Ресейлік клубпен бірге бес дүркін ел чемпионы және 2013 жылы құрлықаралық кубоктың иегері атанды.

Айта кетейік, Prosports.kz порталына берген сұқбатында алматылық клубтың президенті Қайрат Оразбеков Фернандиньомен белсенді келіссөздер жүріп жатқанын айтқан еді.

Қайрат Оразбеков: Бізге қайраты тасыған, ақылы асқан шабуылшы қажет

Қайрат Оразбеков: Алматы облысында үлкен спорт кешенін салып жатырмыз

«Қайрат» ойыншылары мұқтаж отбасыларған көмектесті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер