Футзал

«Қайрат» ойыншылары мұқтаж отбасыларға көмектесті

«Қайрат» ойыншылары мұқтаж отбасыларға көмектесті
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубы мен Қазақстан құрамасының ойыншылары Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұлов Аягөздегі мұқтаж отбасыларға көмектесті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Оразов инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

«Бұл постты жазар алдында, жақсылық жасағанда оны жариялау қаншалықты дұрыс деп көп ойландым. Дегенмен, біздің іс көпке үлгі болар деген ниетпен сіздермен бөлісуді жөн көрдім.

Қасиетті Рамазан айында, сонымен қоса, қазіргі әлемде орын алған індеттің салдарынан көп адамның жұмысы тоқтап тұрған сәтте, мұқтаж отбасыларына сәл де болса, көмек көрсетейік деген ниетпен азық-түлік себеттерін дайындап, жеткіздік.

Осы ретте, Аягоз қаласының әкімшілігіне және "Құрманбай" көтерме-сауда орталығының ұжымына азық-түлік себеттерін дайындап, қол ұшын көрсеткеніне үлкен алғысымызды білдіреміз.

Әр отбасына барғанда, кішкентай бөпектердің күлімдеген көздерін көріп, аяулы аналардың алғысын естіп қайттық. Тұрғындарға еліміздегі футзалдың жетістіктері жайлы айтып таныстыра кеттік. Енді, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» футзал клубының жанкүйерлерінің артатынына және қызығушылықтың көбейетініне кәміл сенеміз», - деп жазды Оразов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер