Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізбейді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізбейді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sky Sports арнасына сілтеп.
GGG кәсіпқой мансабында тек бір мәрте Қазақстанда шаршы алаңға шыққан. Ол 2010 жылы Нұр-Сұлтан қаласында колумбиялық Нильсон Тапияны жеңді.
«Головкин орта салмақта IBF чемпиондық белбеуін міндетті қарсылас Камила Шереметаға қарсы өткізеді. Бұған дейін жекпе-жек Қазақстанда өтіп қалуы мүмкін екені туралы ақпарат шыққан болатын. Алайда енді бұл болмайды. Головкин үйінде жекпе-жек өткізбейді», – деп жазды Sky Sports арнасы.
«Орта салмақтағы патша кім?». Головкин үміткер атанды
DAZN ресми түрде Головкиннің келесі қарсыласының есімін атады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или