DAZN ресми түрде Головкиннің келесі қарсыласының есімін атады
Matchroom Boxing промоутері және DAZN платформасының менеджері Эдди Хирн поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа отырғанын мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Өткен жылы Madison Square Garden-дағы жекпе-жектен кейін [Стив Роллсқа қарсы] Головкин Альвареспен жұдырықтасқысы келетінін айтқан. Алайда, бұл шайқас ұйымдастырылмады. Содан кейін біздің жоспарымыз, Головкин мен DAZN-ның жоспары осылай болды: ол Сергей Деревянченкомен жұдырықтасып, содан кейін Камил Шереметаға қарсы белдікті міндетті қорғауды жүзеге асырады. Бұл жекпе-жектің екеуіне де қол қойылды. Шереметада Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы келісімшарт жасалған.
Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек жыл соңында өтуі керек - деп түйіндеді Хирн.