Live
Спорттағы коронавирус

Қарағанды қаласының бас аренасы жаңартылады

Қарағанды қаласының бас аренасы жаңартылады

Қарағандылық «Шахтер» стадионы қайта жөнделіп жатыр. Құрылыс аясында бірқатар өзгеріс енгізілмек. Бұл туралы ҚФФ хабарлады.

Алдағы уақытта Қарағанды облысының ең үлкен спорт ғимаратында ФИФА талабына сай келетін газонды төсеу, жамылғыны жылыту және автоматты суару жүйелері орнатылады.

Материалдардың басым бөлігі Италиядан әкелінеді. Жабдықтарды әлемген танымал компаниялар шығарады.

«Шахтер» стадионында құрылыс жобасының алғашқы кезеңі аяқталды. Олар – геодезия жұмыстары, ескі құмды қазу және футбол алаңының негізін қалайтын ұсақ тастарды төсеу. Енді жасыл дренаж жүйесін орнату жұмыстары басталды.

Стадионның сыртқы қас келбеті мен трибуналар да жөнделіп жатыр. Жақында жанкүйерлердің орындықтары ауыстырылады. Жарық беру құрылғылары жақсарып, жүгіру жолағы жаңартылады. Бапкерлер мен қосалқы ойыншылар отыратын аймақта қалыпқа келтіріледі.

Қарағанды қаласының стадионы осы уақытқа дейін УЕФА талабына сай келмей, ұлттық және халықаралық матчтарды өткізу құқығынан айырылған еді.

Еліміздегі стадиондардың халықаралық талапқа сай болуын Қазақстан футбол федерациясы қадағалайды. Бұл процесс жыл сайын жүргізіледі.

Құрылыс жұмыстары 1 тамызға дейін аяқталуы тиіс.

- Қарағанды облысының басшылығы мен стадион әкімшілігің атқарып жатқан еңбектерінің арқасында жергілікті «Шахтер» және аймақтағы басқа да футбол клубтары көктем мен күз айларында да стадионда ойнай алады, - дейді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0