Әлем футболы

Ресми: Германия чемпионаты 16 мамырда жалғасады

Ресми: Германия чемпионаты 16 мамырда жалғасады
news-banner7
mobile-news-top

Германия Бундеслигасы 16 мамыр күні қайта жалғасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл шешім дәл қазір өтіп жатқан Германия футбол лигасының (DFL) бейнеконференциясында мақұлданды.

Алғашқы кездесу 16 мамыр, сенбі күні дортмундтық «Боруссия» мен «Шальке-04» арасында өтеді. Ойындарға көрермен жіберілмейді.

Бұған дейін Германия үкіметі чемпионаттың мамыр айының екінші жартысында жалғасуын мақұлдап, нақты басталатын күнді Лиганың өз бетінше таңдауына рұқсат берген болатын.



Айта кетейік, Германия чемпионаты COVID-19 пандемиясына байланысты 13 наурыз күні тоқтатылған болатын.

Ресми: Германия билігі Бундеслиганы осы айда жалғастыруға рұқсат берді

2030 жылғы әлем чемпионаты қай елде өтеді

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы қашан өтеді

«Барселонаны» үлкен өзгеріс күтіп тұр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер