Әлем футболы

Ресми: Германия билігі Бундеслиганы осы айда жалғастыруға рұқсат берді

Ресми: Германия билігі Бундеслиганы осы айда жалғастыруға рұқсат берді
news-banner7
mobile-news-top

Германия билігі осы айда Бундеслига маусымының қайта жалғасуын ресми түрде мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жағдайда лиганың өзі алғашқы матчтардың өтетін күнін таңдауы керек. Бұл не 15 мамырда, не 22 мамырда болады, алайда Sport Bild-тің хабарлауынша, чемпионатты 15 мамырда қайта жандандыру ықтималдығы жоғары.

Канцлер Ангела Меркельдің қатысуымен өткен министрлер кездесуі аясында чемпионатты жалғастыру мәселесі мектептер мен балаларға арналған мекемелердің жұмысынан гөрі ұзақ талқыланды. Бірінші және екінші Бундеслиганың екеуі де 26-турдан басталады. Барлық ойындар көрерменсіз өтеді. Бейсенбіде елдің екі жоғарғы лигасында қызмет ететін 36 клуб өкілдері отырыс өткізеді, онда маусымды қайта бастауға арналған қорытынды жоспар жасалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер