Әлем футболы

2030 жылғы әлем чемпионаты қай елде өтеді

2030 жылғы әлем чемпионаты қай елде өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан 2030 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні әлі белгісіз, деп жазады Prosports.kz.

2030 жылы алғашқы әлем чемпионатының өткеніне 100 жыл толады. Сол үшін де он жылдан кейінгі ғалам біріншілігінің орны ерекше болмақ. Мерейтойлық чемпионатты қабылдағысы келетін елдер қазірдің өзінде дайыныққа кірісіп кетті.

Бәріміз білетіндей, 2022 әлем чемпионаты Катарда өтеді. Ал 2026 жылғы әлем чемпионатын үш ел - АҚШ, Канада, Мексика бірлесіп өткізеді. 2026 жылы біріншілікке тұңғыш рет 48 құрама қатысады.

Ендігі мәселе он жылдан кейінші әлем біріншілігі қайда өтуі мүмкін? Португалиялық басылымдардың хабарлауынша, әр құрлықтан бірнеше үміткер бар.

Еуропадан Португалия мен Испания қол ұстасып қабылдағысы келеді. Олар тіпті Африка құрлығының өкілі Марокконы да қатарға қосып алуға қарсы емес. Марокко 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізуге де үміткер болған. Бірақ Солтүстік Америка құрлығындағы үш елге есе жіберген еді.

Латын Америкасынан Аргентина, Уругвай, Чили, Парагвай қатарлы төрт ел бірлесіп, 2030 жылғы чемпионатты қабылдауға ниетті.

Ал Азия құрлығынан Қытай осы міндетті арқалауға дайын екенін айтып жүр. Олар әлем біріншілігін өткізу үшін әлемдік деңгейдегі 12 стадион салуды жоспарлап отыр екен. Футбол спорты жақсы дамыған Гуанчжоу қаласында 100 мың адамға арналған үлкен стадион салу жоспарланған.

Айта кетейік, 2030 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын ел 2024 жылы анықталады.

2026 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын ел анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер