Әлем футболы

2026 жылғы Әлем чемпионатын қабылдайтын ел анықталды

2026 жылғы Әлем чемпионатын қабылдайтын ел анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Мәскеу қаласында халықаралық футбол федерациясы тұрақты мүшелерінің 68-ші шақырылымы өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бұл жиналыста талқыланған басты мәселе 2026 жылғы Әлем чемпионатын қабылдайтын елді анықтау болатын. Үміткер - екеу ғана. Солтүстік Америка құрлығындағы үш ел - АҚШ, Канада, Мексика бірлесе өткізуді ұсынған. Ал екіншісі Африка құрлығынан Марокко елі.

Федерация мүшелері дауыс беру арқылы бірінші үміткерді кезекті Әлем біріншілігін қабылдауға толымды деп таныды.

Нақты шешім бүгін ғана шыққанымен, бұл таласта қай тараптың жеңетіні жалпы жұртқа белгілі болатын. Себебі, Марокко бір өзі алпауыт үш елден озып шығарына ешкім сенбесі сөзсіз еді.

2026 жылғы Әлем чемпионатына тұңғыш рет 48 құрама қатысады. Жалпы 80 матч өтеді. Оның 60-ы АҚШ елінде өтеді деп жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер