Макгрегор жауынгерлер аралында жекпе-жек өткізуі мүмкін
UFC президенті Дэйна Уайт ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Хорхе Масвидаль арасындағы жекпе-жекті өткізу туралы пікірін білдірді.
– Масвидаль мен Усман арасындағы жекпе-жектің маңызы бар. Хорхе үшін бұл кездесу чемпиондық титулдық апарар жол. Дегенмен Усманнан басқа да үміткерлер бар. Мысалы, жауынгерлер аралында Масвидаль – Макгрегор жекпе-жегін өткізуге болады. Дегенмен бұл туралы айту әлі ерте. Не боларын алда көре жатармыз, - деді Дэйна Уайт DJ Penn арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Конор Макгрегор соңғы жекпе-жегін биыл қаңтар айында өткізіп, Дональд Серронені уақытынан бұрын жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или