Бокс сарапшысы Головкиннің мықты тұсын атады

ESPN телеарнасының бұрынғы журналисі, бокс сарапшысы Дэн Рафаэль қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) мықты тұстарын айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.
– Головкиннің жағы өте мықты болатын. Өз уақытында GGG ешкім шаршы алаңда жолыққысы келмейтін «жыртқыш» еді, – деп жазды Дэн Рафаэль Twitter-парақшасында.
Қазір Геннадий Головкин орта салмақта IBF және IBO чемпиондық белбеулерінің иегері. Мансабында тек бір ғана жекпе-жекте жеңіліс тапса, енді біреуінде тең түскен. Өзге 40 жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Головкин келесі жекпе-жегін күзде поляк боксшысы Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы өткізеді деп күтілуде. Одан соң жыл соңына дейін мексикалық Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші мәрте кездеспек.
<h3>Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Белградта өтеді</h3> <h3>Квебектің үздік 10 боксшысы: Садриддин Ахмедов көш бастады</h3> <h3>«Тамаша бокс кеші» IBO Головкиннің үздік нокаутын еске алды</h3>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или