Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Белградта өтеді


Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Белградта өтеді

Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Сербия астанасы Белградта өтетін болды деп хабарлайды  Prosports.kz ҚР ҰОК-не сілтеме жасап. 

Жоспар бойынша, әлемдік дода Үндістанның Нью-Дели қаласында өтуі тиіс еді. Алайда, Нью-Дели өз міндеттемелерін толық орындамаған соң, АИБА Үндістан бокс федерациясымен келісімшартты бұзды. 

«Еі алдымен ірі спорттық доданың өтетіні туралы қуанышпен хабарлаймын. Белград әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткізетініне сенімдімін. Өйткені, Сербияда ірі спорттық жарыс ұйымдастыратын үлкен мүмкіндік бар», - дейді АИБА уақытша президенті Мохаммед Мустахсане. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или