Бокс

Квебектің үздік 10 боксшысы: Садриддин Ахмедов көш бастады

Квебектің үздік 10 боксшысы: Садриддин Ахмедов көш бастады
news-banner7
mobile-news-top

Le Journal de Montreal порталының журналисі Режан Трембле Квебектің он үздік боксшысын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Трембле тізген рейтингте бірінші орта салмақта WBC Asia және WBC Youth World титулдарының иегері Садриддин Ахмедов көш бастады.

Сарапшы қазақстандық боксшыны бұл тізімнің басына қою ешқандай дау тудырмайтын шешім деп есептейді. Өте жылдам, соққысы мығым, техникасы тамаша, әуесқой бокста да үлкен жетістікке жеткен Ахмедовтың болашағы зор боксшы екені сөзсіз дейді.

Квебектің ТОП-10 боксшысы:

1. Садриддин Ахмедов (Қазақстан)
2. Эрик Базинян (Канада)
3. Кристиан Мбилли (Франция)
4. Арсланбек Махмудов (Ресей)
5. Оскар Ривас (Колумбия)
6. Стивен Батлер (Канада)
7. Артем Оганесян (Ресей)
8. Микаэль Зевски (Канада)
9. Лексон Матье (Канада)
10. Мари-Ив Дикер (Канада).

Садриддин Ахмедовке қарсылас табылмай отыр

Садриддин Ахмедов қашан жекпе-жек өткізеді?

Садриддин Ахмедов Монреалда жаттығып жатыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер