Теннис

Шарапова карантин тәртібін бұзды деп айыпталды

Шарапова карантин тәртібін бұзды деп айыпталды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік теннисші Мария Шарапова коронавирус пандемиясы кезінде карантин тәртібін бұзды деп айыпталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ресейлік спортшы өзінің жігіті Александр Гилкспен және достарымен бірге Манхэттен Бичтегі үйіндегі балконда тұрғаны тарап кетті. Биліктің оқшаулау туралы нұсқауларына қарамастан, Шарапова карантин тәртібін бұзған.

Лос-Анджелесте коронавирусты жұқтырудың 19 мыңнан астам жағдайы тіркелген және 895 адам қайтыс болды.

Еске салайық, Шарапова ақпан айында өзінің спорттық мансабын аяқтайтынын жариялаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер