Артем Резников: Раисовпен жақсы жекпе-жек болмақ
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резников (21-6) Prosports.kz сайтына берген сұхбатында карантин кезінде не істеп жатқанын, Юсуф Раисовқа қарсы жекпе-жек туралы айтты.
-Карантин кезінде жаттығулар қалай өтуде?
-Мен карантин кезінде жаттығып жүрген жоқпын. Алматыда жаттығу емес, үйден шығудың өзі қиын болып кетті.
-Октагонға қашан ораласыз ?
-Қашан оралатанымды білмеймін. Бірінші коронавирус пандемиясы аяқталсын. Кейін көре жатармыз. Қарсыласқа кімді берсе сонымен шығуға дайынмын.
-Жанкүйерлеріңіз Раисовқа қарсы жекпе-жек туралы қандай пікірде ?
-Қазақстанда бұл жекпе-жек үлкен қызығушылық тудыруда.Раисовпен жақсы жекпе-жек болмақ.Егер жекпе-жек Алматыда өтетін болса, керемет кеш болады деп ойлаймын.
Естеріңізге салатын болсақ Артем Резников Алматыдағы АСА 105 турнирінде ресейлік Хамзат Аушевті қылқындыру әдісімен жеңген болатын.