Фьюри мен Уайлдер арасында үшінші жекпе-жек өтетін болды

Фьюри мен Уайлдер арасында үшінші жекпе-жек өтетін болды

<span>WBC тұжырымы бойынша </span>аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы британиялық Тайсон Фьюри мен америкалық Деонтей Уайлдер үшінші жекпе-жек өткізу туралы келісімге келді, деп жазады Prosports.kz.

The Athletic мәліметіне сүйенсек, қос боксшы арасындағы трилогия биыл 3 қазанда өтуі мүмкін. Гонорар қарсыластар арасында 60%-да 40% мөлшерінде бөлінбек. Сыйақының көбірек бөлігін британиялық боксшы алады.

Естеріңізге сала кетейік, Фьюри мен Уайлдер арасындағы алғашқы жекпе-жек тең аяқталған. Ал биыл 22 ақпанда Лас-Вегаста өткен екінші кездесуде <span>Тайсон Фьюри Деонтей Уайлдерді техникалық нокаутпен жеңген болатын. </span>

Айта кетейік, үшінші жекпе-жек биыл 18 шілдеде өтуі әбден мүмкін еді. Алайда коронавирус індеті кедергі келтіргендіктен, кездесу күзге қалып отыр.  

<h4>Фьюри мен Уайлдер арасындағы реванш шілдеде өтпейді</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или