Бокс

Фьюри мен Уайлдэр арасындағы реванш шілдеде өтпейді

Фьюри мен Уайлдэр арасындағы реванш шілдеде өтпейді
news-banner7
mobile-news-top

WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы британиялық Тайсон Фьюри мен америкалық Деонтей Уайлдэр арасындағы реванш 18 шілдеде өтпейді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы британиялық боксшының промоутері Боб Арум мәлімдеді.

Бұл жекпе-жектің кейінге қалуына коронавирус індеті әсер етіп отыр. Тұтас әлемге жайлып бара жатқан вирустың салдарынан шілдеде жекпе-жек өткізудің жөні келмейтін секілді. Боб Арумның айтуынша, егер жағдай оңалса кездесу күзде өтеді.

Айта кетейік, 22 ақпанда Лас-Вегаста Тайсон Фьюри Деонтей Уайлдэрді техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер