Әлем футболы

«Бавария» ойыншылары коронавируспен күреске қаржы бөлді

«Бавария» ойыншылары коронавируспен күреске қаржы бөлді
news-banner7
mobile-news-top

«Бавария» футболшылары Йосуа Киммих пен Леон Горецка коронавирустан зардап шеккендерге нақты көмек көрсетуді көздейтін We kick Corona акциясын бастады, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, Киммих пен Горецка қиын сәтте әртүрлі челлендж ұсынушылардың әрекетін ақымақтық деп санайды. Олар өз әрекетері арқылы көпшілікті қиын жағдайға тап болған адамдарға нақты көмек көрсетуге шақырды.

«Бавария» футболшылары коронавируспен күресу үшін қаражат жинау науқаны басталғанын хабарлады. Олар өздері ұйымдастырған We We Corona қорына әрқайсысы 500 мың еуродан аударды. Оларға бірден «Манчестер Сити» ойыншысы Лерой Сане қосылды, ол да дәл осы сома мөлшерде ақша берді.

Мюнхендік клубтың шабуылшысы әрі Бундеслиганың осы маусымдағы ең үздік сұрмергені Роберт Левандовски де аурудан зардап шеккендерге көмектесуге білек сыбана кірісті. Поляк футболшысы әйелімен бірге отбасылық бюджеттен медициналық техника сатып алуға 1 миллион евро бөлді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер