Әлем футболы

«Ювентус» ойыншысының коронавирус жұқтырған қалыңдығы жүкті болып шықты

«Ювентус» ойыншысының коронавирус жұқтырған  қалыңдығы жүкті болып шықты
news-banner7
mobile-news-top

Туриндік «Ювентустың» 25 жастағы италиялық қорғаушысы Даниэле Руганидің қалыңдығы Микела Персико өзінің жүктілігі туралы айтты. Бұған дейін ерлі-зайыптыларға коронавирус диагнозы қойылған болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің жүктілігіме төрт ай, енді не болмақ? Мен бұл туралы айта алмаймын. Тек күту ғана қалды. Вирус балаға әсер етпейді деп сенемін. Дәрігерлер бұл проблема емес деп қояды, бірақ сіз өзіңізді менің орнына қойып көріңізші. Өте қорқынышты ғой.

Даниэле екеуміз ол коронавирус тапқан кезде аяғымның ауыр екенін жариялауды күттік. Бұл қуанышты сәт болса керек. Жағдайымыздың жақсаратынына сенімдімін», - дейді Персико

Коронавирустың өршуі Қытайда өткен жылдың соңында тіркелді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, одан 8 мыңнан астам адам қайтыс болған, ал 80 мыңнан астамы ауру жұқтырған адам емделіп шықты. Италия чемпионаты және басқа да жетекші турнирлер коронавирусқа байланысты тоқтатылды. Италияда барлық бұқаралық спорттық іс-шаралар 3 сәуірге дейін тоқтатылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер