Әлем футболы

Руганидің қалыңдығы да коронавирус инфекциясын жұқтырды

Руганидің қалыңдығы да коронавирус инфекциясын жұқтырды
news-banner7
mobile-news-top

Туриндік «Ювентус» қорғаушысы Даниэле Руганидің қалыңдығы, журналист Микела Персико да коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетелік, 12 наурызда Руганиге коронавирус диагнозы қойылғандығы белгілі болды.

«Менің коронавируске жасаған сынамам оң нәтиже көрсетті, бірақ менде оның ешқандай белгілері жоқ. Менің денсаулығыма келетін болсақ, мен өзімді жақсы сезінемін. Қолдауларыңыз бен хабарламаларыңыз үшін көп рахмет», - деп жазды Персико өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

COVID-19 штамы Қытайда өткен жылдың соңында тіркелген. Соңғы мәліметтер бойынша, одан 6,5 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сонымен қатар, 77 мыңнан астам адам ауруды жұқтырды, Италияда 16 наурызда коронавирусты жұқтырудың 24 мыңнан астам жағдайы тіркелді, 1,5 мыңнан астам адам қайтыс болды.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер