Үстел теннисі ITTF құрлықтық іріктеу турнирінің мүмкіндігін қарастырады

Үстел теннисі ITTF құрлықтық іріктеу турнирінің мүмкіндігін қарастырады

Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) атқарушы комитеті шұғыл жиналыс өткізіп, COVID-19 вирусының халықаралық жарыстар күнтізбесіне тигізетін әсері туралы талқылады.

Шұғыл отырыс нәтижесінде, ITTF атқарушы комитеті 2020 жылдың сәуір айының соңына дейінгі барлық жарыстардың тоқтатылғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, 29 наурыз күні әлемде болып жатқан жағдайды саралап, ITTF жарыстарының уақытын ұзарту туралы талқылайтын болады.

21-28 маусым күндері Пусанда жоспарланған 2020 жылғы командалық әлем чемпионатының өту уақыты талқыға түседі.

Айта кетерлігі, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына құрлықтық іріктеу турнирінің уақыты да айтылатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или