ММА

UFC басшысы: Біз жекпе-жектерді жалғастырамыз

UFC басшысы: Біз жекпе-жектерді жалғастырамыз
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дана Уайт Невада спорттық комиссиясының коронавирусқа байланысты барлық спорттық іс-шараларды тоқтата тұру туралы шешіміне түсініктеме берді. Функционердің айтуынша, ұйым ештеңеге қарамастан алдағы турнирлерден бас тартқысы келмейді және оларды өткізудің нұсқаларын іздейді, деп жазады Prosports.kz.

«Қазіргі уақытта Лас-Вегаста жекпе-жек өткізу мүмкін емес. Біз жаңа орын іздеп жатырмыз. Бірақ біз тоқтамаймыз. Біз жекпе-жектерді жалғастырамыз. Мен бұл кәсіппен 20 жыл айналысамын, әр апта сайын осындай проблемаларға кезігемін. Әрине, ондай деңгейде емес, бірақ мен мұндай мәселелерге үйреніп қалдым және күресуді жалғастыру үшін барымды саламын », - деді Уайт Twitter-дегі Спорт орталығындағы парақшасында берген сұхбатында.

Келесі UFC турнирі 21 наурызда Лондонда өтеді. Оның негізгі дуэльінде Тайрон Вудли мен Леон Эдвардс кездеэеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер