ММА

Bellator 241 турнирі COVID-19 штамы кесірінен өткізілмейді

Bellator 241 турнирі COVID-19 штамы кесірінен өткізілмейді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Анкасивилл қаласында Bellator 241 турнирі өтуі керек еді, деп хабарлайды Prosports.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап

Промоушн жетекшісі Скотт Кокер, коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты жарыстан бас тартуға мәжбүр екенін мәлімдеді:

«Турнирдің барлық қатысушысының денсаулығы мен қауіпсіздігі біздің басты міндетіміз болып қала бермек.

Коронавирустың өршуін мұқият қадағалап болғаннан кейін, біз Bellator 241 турнирінен бас тарту туралы шешім қабылдадық», - деді Кокер.

Еске сала кетелік, кештің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы Патрисио Фрейра мен Педро Карвальоның кездесуі болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер