Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды

<span class="s1">Нұр-Сұлтан қаласында Дэвис кубогының әлемдік топтағы Қазақстан мен Нидерланды арасындағы іріктеуі ойындары аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.</span>

<span class="s1">Екі күнге жалғасқан жарыста Қазақстан құрамасы 3:1 есебімен басымдылық танытты. Бірінші ойын күнінде Михаил Кукушкин жеңіліп, қонақтар есепте алға шықты. Александр Бублик өз кездесуінде жеңіске жетіп, есепті теңестірді. Алғашқы ойын күні 1:1 есебімен аяқталды. Екінші жарыс күнінде кортқа бірінші жұптық сында өнер көрсететін спортшылар шықты. Голубев/Недовесов жұбы қарсыластарынан екі сетте де басым түсіп, Қазақстан құрамасын есепте алға шығарды. Жекелей сындағы Бублик пен Хасе арасындағы кездесуде қазақстандық спортшы 7:6,6:1 есебімен жеңіске жетті. Есеп 3:1 Қазақстан құрамасының пайдасына. Соңғы бесінші кездесу қандай есеппен аяқталса да жалпы есепке әсерін тигізбейді.</span>

<span class="s1">Қазақстан құрамасы күзде Мадрид қаласында өтетін Дэвис Кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды.</span>

<span class="s1">Естеріңізге салатын болсақ жақында ғана Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бапкері болып Юрий Щукин тағайындалған болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или