Бокс

Головкин SNAC жаттығу базасынан кетті

Головкин SNAC жаттығу базасынан кетті
news-banner7
mobile-news-top

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин атақты диетолог Виктор Контенің SNAC жаттығу базасынан кетті, деп жазады Prosports.kz.

«Біз Геннадийге көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық, бірақ ол біздің сұрағанымызды орындай алмады. Қысқасы, лагерь басталғанға дейін біз келіскен нәрсені жасамағандықтан, мен одан жаттығу базасынан кетуін өтіндім. Бірақ, қалай болғанда да, оған тек қана сәттілік тілеймін», - деді Конте.

Бұған дейін Головкиннің аяғынан жарақат алғандығы және оның Камил Шереметамен IBF титулы үшін өтетін жекпе-жегі осы жылдың мамыр-маусым айларына ауыстырылатыны белгілі болды.

Головкин - Шеремета жекпе-жегі мамырда өтеді

Головкин - Шеремета жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

Головкиннің жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

Головкин жарақатына байланысты Шереметамен жекпе-жекті кейінге қалдырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер