Әлем футболы

«Манчестер Сити» еурокубоктардан екі жылға шеттетілді

«Манчестер Сити» еурокубоктардан екі жылға шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) «Манчестер Сити» клубындағы қаржылық алаяқтық туралы іс бойынша шешім шығарды. Ағылшын клубы екі жылға еуропалық жарыстардан шеттетілді және 30 миллион еуро көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Prosports.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, «Манчестер Сити» 2020/2021 және 2021/2022 маусымдарда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында ойнай алмайды.

«Манчестер Ситидің» 2012 және 2016 жылдар аралығында қаржылық әділ ойын ережелерін бұзғаны туралы хабарланған. «Қалалықтар» өз шығындарын жасыру үшін демеушілік келісім-шарттардан төленген төлемдерді қасақана асырып жіберді. УЕФА Англия клубының тергеу барысында ынтымақтастық жасамағанын атап өтті.

«Манчестер Сити» Спорттық төрелік сотына (CAS) шағымдана алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер