Елена Рыбакина Хобарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина Хобарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина финалда қытайлық Шуай Чайдан 7:6 (9:7), 6:3 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Prosprots.kz.

Біздің спортшымызға WTA турнирлерінде 4 рет және ITF турнирлерінің финалында 20 рет жеңіске жеткен әлемнің 40-ракеткасы қарсылас атанған.

Матч 1 сағат 33 минутқа созылды 

Бұл Рыбакинаның еншісіндегі 6-ншы,  ал WTA сериялы турнирлеріндегі екінші жеңісі.

Еске сала кетелік, Елена жақында Қазақстан қытайлық Шеңжеңде өткен турнирдің финалына шықты, алайда ресейлік Екатерина Александроваға қарсылық білдіре алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или