Исламхан «Зенит» сапында Катарда жүр

Исламхан «Зенит» сапында Катарда жүр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан петерборлық «Зенитте» қаралымда жүр, деп жазады Prosports.kz.

«Зенит» бас директоры Александр Медведев ABN тілшісіне берген сұхбатында «Қайрат» футбол клубының бұрынғы ойыншысы және Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның клубта қаралымда жүргенін растады. Исламхан клубпен бірге Катардың Доха қаласындағы оқу-жаттығу жиынына аттанды.

«Ия, бұл рас», - деді Александр Медведев Бауыржан Исламхан командамен бірге деген сұраққа.

Сондай ақ, Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан «Зенитке» ауысуы мүмкін ақпаратты белгілі ресейлік агент Александр Маняьков та растады.

- Исламхан шынымен де «Зенит» сапын толықтыруы мүмкін. Қазіргі таңда футболшы қаралымда жүр. Дохадағы оқу-жаттығу жиынында Семактың көңілінен шықса, ойыншымен келісімшарт жасалады - деп жазды Маньяков телеграм-каналда.

Оқи отырыңыз:

Исламхан «Зенитке» ауысса жарты жыл легионер болып саналады

Исламхан «Зенитке» ауысады

Мәскеуден Глазгоға дейін. Исламханға кімдер «көз тікпеді?»

«Тегін келгені қуантады» Ресей басылымы Қуат жайлы не жазды?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер