«Астананың» бас бапкері қызметіне Михал Билек тағайындалды

«Астананың» бас бапкері қызметіне Михал Билек тағайындалды

Соңғы жылы Қазақстан құрамасында қызмет атқарған чех маманы Михал Билек «Астана» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Михал біздің Ұлттық құрамадан бөлек, өз Отанындағы «Теплице», «Хмел», «Виктория» (Пльзень), «Спарта» (Прага), «Высочина», «Фастав» клубтарында және Чехия Ұлттық құрамасы мен жастар құрамасында бапкерлік қызмет атқарған. Сондай-ақ, костарикандық «Картахинес», словакиялық «Ружомбероке», грузиялық «Динамо» (Тбилиси) клубтарындағы жұмыс тәжірибесі бар.

Чехия Ұлттық құрамасымен бірге Еуропа чемпионатының ширек финалына шығып, Чехияның жасөспірімдер құрамасымен ЕУРО-да қола жүлдеге қол жеткізген. Сондай-ақ «Спарта» командасымен ел чемпионатында топ жарып, кубокты жеңіп алған.

Михал Билек – «Астананың» жаңа бас бапкері

Роман Григорчук «Астанадан» кетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0